Педагогтерді аттестаттау пилоттық жобасы 2026: толық түсіндірме
№159-НҚ бұйрық05.06.202601.09 – 31.12.2026

Педагогтерді аттестаттау пилоттық жобасы 2026: толық түсіндірме

Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығы педагогтерді аттестаттаудың жаңа тәсілін сынауға арналған пилоттық жобаны бекітті. Бұйрық 1 тамызда күшіне еніп, 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады, ал жоба 1 қыркүйектен іске қосылды. Бұл тұрақты қағида емес, тәжірибелік режим: нәтижесі талданып, кейін аттестаттау қағидаларына өзгеріс енгізіледі.

Жобаға қатысу ерікті. Оған 1 қыркүйекке дейін ПББ-да мәлімделген санаттың шекті балын бірінші мүмкіндікте жинай алмаған педагогтер, сондай-ақ тестке тіркеліп, бірақ кіріспеген немесе мүлде тіркелмеген, кезекті не мерзімінен бұрын аттестатталатын мұғалімдер қатыса алады. Алғаш жұмысқа орналасқан маман мен басшылар бұл тәртіпке кірмейді. Ескі санаттар сәйкестендіріледі: екінші санат педагог-модераторға, бірінші және жоғары санат педагог-сарапшыға теңеседі.

Басты өзгеріс – тест пен қағаз портфолионың орнына «Ұстаз» ұлттық платформасындағы кәсіби цифрлық профиль. Жеке куәлік пен диплом мемлекеттік шлюз арқылы өзі тартылады, курстар, сертификаттар, жетістіктер мен сабақ бақылау парақтары платформада қалыптасады, қалғанын мектеп басшысы тағайындаған жауапты тұлға енгізеді. Комиссия профильді өзгерте алмайды, тек бағалайды. Ең үлкен салмақ сабақ бақылауында: модератор мен сарапшыға төрт бақылау, зерттеушіге үш онлайн және үш офлайн, шеберге төрт онлайн және төрт офлайн бақылау қажет.

Эссе, авторлық бағдарлама мен оқу-әдістемелік құрал міндетті емес. Есесіне әр санат үшін бағалау парағының барлық критерийі орындалуы тиіс: оқушылардың байқаудағы нәтижесі, өз кәсіби байқауларыңыз, семинар мен конференцияда тәжірибе тарату, шығармашылық топтар, курстар, буллингтің алдын алу курсы және «Адал азамат» тәрбие жұмысы. Бір критерий құжатпен расталмаса, оған нөл балл қойылады. Төменде мерзімдерді, кезеңдерді, баллдарды және комиссия шешімінің салдарын рет-ретімен талдадық.

Құқықтық негіз

Пилоттық жобаға кім қатысады және қашан өтеді

Жоба аттестатталуға тиіс педагогтердің екі тобына арналған. Өтінім тек «Ұстаз» платформасы арқылы беріледі.

1-топ

ПББ шегінен өтпегендер

1 қыркүйекке дейін бірінші мүмкіндікте мәлімделген санаттың шекті балын жинай алмаған педагогтер.

2-топ

ПББ-ға кіріспегендер

Тестке тіркеліп, бірақ тапсыруды бастамаған немесе тіркелмеген, кезекті не мерзімінен бұрын аттестатталатын педагогтер.

01.08бұйрық күшіне енді
01.09жоба іске қосылды, материал жүктеу басталды
20.09өтінім қабылдау (Өрлеу түсіндірмесі)
14.12материал жүктеудің соңғы күні
15.12өтінім мен бағалаудың соңғы күні
31.12бұйрық қолданысы аяқталады
Жұмыс уақытынан тыс немесе демалыс күні берілген өтінім келесі жұмыс күні тіркеледі. Басшылар мен орынбасарлар №83 Қағидалар бойынша аттестатталады. Бұйрық: adilet.zan.kz.

Аттестаттау кезеңдері: өтініштен куәлікке дейін

  1. Өтініш беру

    «Ұстаз» платформасында 1-қосымшадағы нысан бойынша өтініш толтырасыз.

  2. Қабылдау немесе бас тарту

    1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетке хабарлама келеді. Құжат толық болмаса, жетіспейтіні көрсетіледі.

  3. Цифрлық профильді тексеру

    Комиссия мүшелері құжаттар мен бақылау парақтарын 10 жұмыс күні ішінде қарап, бағалау парағын толтырады.

  4. Хаттама үзіндісі

    Шешім «сәйкес келеді» немесе «сәйкес келмейді» түрінде жеке кабинетте жарияланады.

  5. Бұйрық және куәлік

    Аттестаттаушы органның бұйрығы мектепке түседі, куәлікті білім беру ұйымы береді. Санат 5 жылға беріледі.

Бағалау

Комиссия нені бағалайды: цифрлық профиль, критерийлер және баллдар

Профиль үш көзден жиналады. Комиссия оны толықтыра да, өзгерте де алмайды.

Автоматты

Мемлекеттік шлюз

Жеке куәлік және білім туралы құжаттар.

Платформада

«Ұстаз»

Курстар, сертификаттар, санат туралы бұйрық, жетістіктер, бақылау парақтары, оқушы жетістіктері.

Қолмен

Жауапты тұлға

Цифрда жоқ мәліметті мектеп басшысының бұйрығымен тағайындалған қызметкер енгізеді.

Орта білім беру ұйымындағы бағалау парағы

КритерийМодераторСарапшыЗерттеушіШебер
1.2 Сабақ бақылау4 бақылау · 704 (1-і аудандық) · 703 онлайн + 3 офлайн · 804 онлайн + 4 офлайн · 80
2.1 Оқушылардың байқау, олимпиадасымектеп · 1аудан · 2облыс · 3республика · 4
2.2 Өз кәсіби байқауларыңыз (кемі 2)мектеп · 1аудан · 2облыс · 3республика · 4
3.1 Семинар, конференция, шеберлік сыныбында тәжірибе тарату—234
3.2 Оқулық, үлгілік бағдарлама немесе өтіл——20+ жыл · 525+ жыл · 5
3.3 Шығармашылық, сараптамалық топтармектеп · 1аудан · 2облыс · 34
4.1 Біліктілік курстары36 сағ · 136 сағ · 172 сағ · 172 сағ · 1
4.2 Буллингтің алдын алу курсы5555
5.1 Тәлімгерлік——кемі 1 · 2кемі 2 · 3
6.1 «Адал азамат» тәрбие жұмысы5 сағ · 35 сағ · 35 сағ · 35 сағ · 3
Барлығы8287108113

Жеңімпаз немесе жүлдегер болсаңыз, 2.1 және 2.2 критерийлеріне +1 балл. Мектептегі сабақ бақылау парағы: 12 критерий, әрқайсысы 0–3 балл. Дерек көзі: №159-НҚ бұйрықтың 6-қосымшасы, bilim-plus.kz талдауы.

Басқа ұйымдардағы жалпы балл (шебер санаты)

Мектепке дейін112
Орта білім113
ТжКБ117
Арнайы педагог124
Психолог111

Нәтиже: санат сақтала ма, үстемақы қанша

«Сәйкес келеді»

Мәлімделген санат аттестаттаушы органның бұйрығынан бастап 5 жылға беріледі.

«Сәйкес келмейді»

Кезекті растауда қолданыстағы санат сақталады немесе төменгісі беріледі. Мерзімінен бұрын өтінсеңіз, қазіргі санат мерзімі біткенше қалады.

Жоба кезінде

Жаңа санат берілгенше қолданыстағы санат пен үстемақы сақталады (№237-НҚ бұйрықпен енгізілген 40-тармақ).

Үстемақы

Лауазымдық айлықалақыға: модератор 30%, сарапшы 35%, зерттеуші 40%, шебер 50%.

Samgau education ұсынысы

Тәжірибе таратуды құжатпен растаңыз: аттестацияға жарамды журналда жариялау

Бағалау парағындағы 3.1 критерийі тәжірибе таратуды талап етеді, ал оған ұсынатын баяндама мен шеберлік сыныбына жазбаша, жүйеленген материал керек. Журналдағы жарияланым сол тәжірибені рәсімдеп, сертификатымен профильге жүктелетін кәсіби жетістікке айналдырады. Пилотқа кірмейтін әріптестер үшін ол №83 Қағидалар бойынша портфолионың бөлігі болып қала береді.

2 күн

журналдың электронды нұсқасы мен сертификат

4000+

соңғы 8 айда жарияланған педагог

5 жыл

редакция тәжірибесі, антиплагиат тексеруі

Республикалық
«Өнегелі ұрпақ»

Аудан мен облыс деңгейіндегі тәжірибеге. Мақала, ҚМЖ, ашық сабақ, тәрбие сағаты.

СертификатQR-кодҰжыммен
Халықаралық
«Top Teachers»

Зерттеуші мен шебер санатына. 4 бетке дейін, тең авторлықпен.

СертификатТең авторлықҰстаз сілтемесі
Комбо
Екі журналда бірден

Бір материал республикалық және халықаралық басылымда.

2 сертификат2 QR-код

Мақала жоқ болса, редактор тақырып таңдап, құрылымын жасап, ғылыми-әдістемелік стильге келтіреді. Тәрбиешілер, колледж оқытушылары, студенттер де жариялана алады. Барлық журналдар.

Тегін кеңес алыңыз

Менеджер санатыңызға қай деңгейдегі жарияланым лайықты екенін, журнал мен дайындық мерзімін айтады.

WhatsApp-қа жазу
Әдістемелік журналға жарияланым сертификаты Журналдағы мақалаға QR-код Журналға ұжыммен мақала жариялау
Рақмет! Өтінім WhatsApp-та ашылды, «Жіберу» батырмасын басыңыз.

Батырманы басу арқылы дербес деректерді өңдеуге келісесіз.

Жиі қойылатын сұрақтар
Пилоттық жобаға қатысу міндетті ме?

Жоқ, қатысу ерікті. Жобаға ПББ шекті балын бірінші мүмкіндікте жинамаған немесе тестке кіріспеген, тіркелмеген және аттестатталуға тиіс педагогтер қатыса алады.

Өтінім қашанға дейін қабылданады?

«Ұстаз» платформасында 2026 жылғы 15 желтоқсанға дейін. Өрлеу түсіндірмесі бойынша өтінім 20 қыркүйектен, материал жүктеу 1 қыркүйек – 14 желтоқсан аралығында.

Эссе мен авторлық бағдарлама керек пе?

Жоқ. Пилоттық жобада эссе, авторлық бағдарлама және оқу-әдістемелік материал міндетті емес.

Комиссия «сәйкес келмейді» десе, санатым не болады?

Кезекті растауда қолданыстағы санат сақталады немесе төмен санат беріледі. Мерзімінен бұрын жоғары санатқа өтінсеңіз, қазіргі санат мерзімі біткенше сақталады.

Made on
Tilda