Білім беру мекемесінің басшысы лауазымына конкурстық негізде тағайындалу үшін міндетті тестілеуге өтініш қабылдау басталады. Үміткерлер заңнамалық база мен нормативтік құқықтық актілерді білу деңгейін көрсетеді.
Маңызды мерзімдер:
- Өтініш қабылдау: 2026 жылғы 28-29 қыркүйек (app.testcenter.kz сайтында).
- Тестілеу күні: 2026 жылғы 30 қыркүйек.
Жалпы сұрақтар саны – 48. Ең жоғары балл – 48, өту үшін қажетті шекті балл – 24. Тест 6 блоктан тұрады, оның ішінде әрқайсысының өз шекті балы бар:
- Еңбек кодексі – 10 сұрақ (шекті балл – 5).
- «Білім туралы» Заң – 10 сұрақ (шекті балл – 5).
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң – 10 сұрақ (шекті балл – 5).
- «Педагог мәртебесі туралы» Заң – 10 сұрақ (шекті балл – 5).
- Оқу-ағарту министрінің № 348 бұйрығы (03.08.2022 ж.) – 4 сұрақ (шекті балл – 2).
- Оқу-ағарту министрінің № 385 бұйрығы (31.08.2022 ж.) – 4 сұрақ (шекті балл – 2).
- Негізгі тестілеу құны: 9 403 теңге.
- Байқау сынағы (пробный тест): 2 140 теңге (app.testcenter.kz сайтындағы «Байқау сынағы» бөлімі арқылы тапсыруға болады).