Ғылыми әдістемелік журнал Анонстар мен іс-шаралар
педагогтардың білімін бағалау

«ПЕДАГОГ» санаты үшін педагогтардың білімін бағалау

«Педагог» санатын алу үшін педагогтардың білімін бағалау тестілеуіне тіркелу басталады. Бұл сынақ педагогикалық мамандықтар бойынша оқуды жаңа аяқтаған тәжірибесі жоқ түлектерге және ұстаздық қызметіне қайта оралуды жоспарлап отырған тұлғаларға арналған.
Маңызды мерзімдер мен шарттар:
  • Өтініш қабылдау: 2026 жылғы 28-29 қыркүйек аралығында app.testcenter.kz платформасында жүргізіледі.
  • Тестілеу күні: 30 қыркүйек.
  • Қатысу құны: Биылғы алғашқы мүмкіндік – тегін, ал келесі тапсырулар – 5640 тг.
Пбб тест форматы:
Сынақ 50 тапсырмадан тұратын 1 блоктан құралған. Ең жоғары көрсеткіш – 50 балл, өту үшін қажетті шекті балл – 25 балл. Тестілеуге 80 минут беріледі (ал математика, физика, химия және информатика пәндерін тапсырушылар үшін 125 минут).
Пбб 2026 науқанына қатысушы барлық кандидаттарға сәттілік тілейміз! Алдағы пбб сынағынан сүрінбей өтіп, кәсіби біліктілігіңізді сәтті дәлелдеңіз.