ҚМЖ жасауға арналған толық промт
Белгілі бір пән бойынша қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ) құрастыр. Пәнін, сыныбын және тақырыбын нақты көрсет. Жоспар Қазақстан Республикасының жаңартылған білім беру бағдарламасына сай болсын. Алдымен оқу мақсаттарын бағдарламаға сәйкес нақты жаз. Кейін сабақ мақсатын оқу мақсатына негіздеп тұжырымда. Бағалау критерийлерін өлшенетін және нақты етіп көрсет. Дескрипторларды оқушы әрекетімен байланыстырып жаз. Сабақ кезеңдерін толық сипатта: сабақтың басы (қызығушылықты ояту, ұйымдастыру), сабақтың ортасы (негізгі тапсырмалар, жұптық немесе топтық жұмыс), сабақтың соңы (қорытындылау, рефлексия). Саралау бөлімін енгіз: қолдауды қажет ететін оқушыларға арналған тәсілдер және қабілетті оқушыларға арналған күрделендірілген тапсырмалар. Формативті бағалау түрлерін көрсет. Қолданылатын ресурстарды (оқулық, презентация, бейнематериал, карточкалар) нақты ата. Жоспарды кесте форматында рәсімде. Мәтін нақты, кәсіби және мұғалімдер қолдануға дайын болсын.