Жоғары оқу орындары мен колледж түлектері, сондай-ақ педагогикалық қызметін қайта бастауға ниет білдерген тұлғалар үшін «ПЕДАГОГ» санатына ПББ өтініштерге сәйкес өткізіледі. Сонымен қатар, тестілеуді ай сайын өткізу жоспарланғанын еске саламыз.
Құжаттарды ретке келтіру: Аттестация уақытша тоқтатылса да, болашақта портал ашылған кезде бәрібір құжат жүктеу керек болады. Осы бос уақытты пайдаланып, біліктілікті арттыру курстарының сертификаттарын, олимпиада жеңімпаздарының қағаздарын, алғыс хаттар мен ғылыми мақалаларыңызды толық жүйелеп, сапалы түрде цифрлық форматқа (PDF скан) көшіріп қойыңыз. Бұл портал қайта іске қосылғанда уақытыңызды айтарлықтай үнемдейді.