Педагогтерге арналған өзекті жаңалықтар мен пайдалы кеңестер

2026 жылғы аттестация: мұғалімдерге арналған толық нұсқаулық

аттестация өзгерістері 2026

2026 жылғы аттестация: не өзгереді? Мұғалімдерге арналған түсінікті нұсқа

2026 жылғы мұғалімдер аттестациясы өзгеріссіз қалады. Ең бастысы — аттестация 32-бұйрыққа сәйкес өткізіледі.

Төменде қысқаша, ең маңызды ақпарат:

Тестілеуге дайындық
Аттестацияның негізгі кезеңі — кәсіби тестілеу.
Көп педагог үшін аттестацияның басты бөлігі сол болып қала береді.

Санатты растау / алу тәртібі
Педагог-зерттеуші, педагог-эксперт, педагог-мастер санаттарына өту бұрынғы тәртіп бойынша сақталады.
📝 Маңызды:
Зерттеуші және Шебер педагогтер санатты растау кезінде ПББ тапсырмайды.
Ал алғаш рет өтушілер ПББ тапсырады.

Портфолио талаптары
Портфолиода болуы тиіс:
  • оқушылардың жетістіктері
  • конкурстарға қатысу
  • ғылыми-әдістемелік мақалалар
  • сабақтарға қатысу және бақылау материалдары
Бұл құжаттар НҚА талаптарына сай болуы керек.

ПББ-дан босату
30 жыл және одан көп педагогикалық өтілі бар мұғалімдер тестілеуден босатылады.
Олар тек портфолио негізінде аттестациядан өтеді.

Өтініш беру тәртібі
Өтінішті:
  • eGov.kz арқылы
  • немесе ХҚКО (ЦОН) арқылы беруге болады.
Қоса тапсыратын құжаттар:
диплом, сертификаттар, жетістіктер, сабақ бақылауы.
Модерация мен сараптау жұмыстары «Ұстаз» жүйесі арқылы рәсімделеді.

Аттестация мерзімділігі
Педагогтер, әдіскерлер, білім ұйымдарының басшылары —
5 жылда бір рет аттестациядан өтеді.

2026 жылға жоспарланған өзгерістер
Министрлік аттестациялау қағидаларын қайта қарауды талқылап жатыр.
Алдағы уақытта қосымша нақтылау немесе жаңа талаптар енгізілуі мүмкін.
Ресми ақпаратты үнемі бақылау ұсынылады.

Актуалды ақпарат көздері
  • eGov.kz — электронды үкімет порталы
  • adilet.zan.kz — нормативтік-құқықтық база
Made on
Tilda