Мәтінді толық оқыңыз! Төменде эссе жазу мысалдары бар
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні – ұлттық болмыс пен рухани мұраның өзегін сақтайтын ғылым саласы. Осы пәнді оқытуда мұғалім тек тілдік нормаларды үйрететін маман ғана емес, сонымен бірге жас ұрпақтың ойлау қабілетін, адамгершілік қасиетін, мәдени танымын дамытуға бағыт беретін тұлға болып табылады. Сол себепті эссе келесі танымал әдеби тақырыптардың біріне жазылуы тиіс: Абайдың қара сөздері, Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясы, Мағжан Жұмабаев поэзиясының тәрбиелік мәні, Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адамгершілік идеялары, немесе Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы ұстанымы. Осы тақырыптардың бірін таңдап, терең ойға құрылған, мазмұны бай, құрылымды эссе жазып бер.
Эсседе келесі талаптар міндетті түрде орындалсын:Тіл әдеби, ғылыми-педагогикалық стильде болсын, ой жүйелі түрде дамып отырсын. Эссе кемінде 2–2.5 бет көлемінде, логикалық байланысы сақталған, қайталанбайтын, кәсіби деңгейде жазылуы тиіс.»
- Кіріспеде таңдалған әдеби тұлғаның немесе шығарманың қазақ руханиятындағы орнын қысқаша сипатта.
- Негізгі бөлімде шығарманың тәрбиелік мәнін, тілдік ерекшеліктерін, көркемдік тұтастығын және қазіргі білім беру процесіндегі өзектілігін талда.
- Жас ұрпаққа берер үлгісі мен бүгінгі педагогикалық тәжірибедегі қолданысын нақты мысалдармен көрсет.
- Мұғалім ретіндегі жеке көзқарасты енгіз: бұл шығарма оқушыларды қандай құндылықтарға тәрбиелей алады? Қандай тілдік немесе әдеби дағдыны дамытуға көмектеседі?
- Қорытындыда шығарманың қазақ әдебиеті мен ұлттық идеологиядағы мәңгілік орнын бағалап, оның қазіргі қоғам үшін неге маңызды екенін тұжырымда.
«Маған бастауыш сыныпқа арналған ҚМЖ (Қысқа мерзімді жоспар) құрастырып бер. Жоспар Қазақстан Республикасының білім беру стандартына, жаңартылған білім мазмұнына және бастауыш сыныптың психологиялық ерекшеліктеріне толық сәйкес болуы керек. Тақырыбы – бастауыш сыныпқа сай кез келген оқу пәнінен алынған (мысалы: қазақ тілі, математика, дүниетану, әдебиеттік оқу). ҚМЖ құрылымы келесі талаптарды толық орындасын:
- Сабақ тақырыбы: бастауыш сыныпқа түсінікті, оқу бағдарламасымен үйлесімді.
- Оқу мақсаттары: ҚР жаңартылған бағдарламасындағы тиісті бөлім мен бөлімшеден алынған 1–3 оқу мақсаты.
- Сабақ мақсаттары: нақты, өлшенетін, оқушыға бағытталған.
- Бағалау критерийлері: оқушының сабақ соңында нені меңгеретіні айқын көрсетілсін.
- Тілдік мақсат: пәндік лексика, сөз тіркестері, сөйлеу дағдылары енгізілсін.
- Құндылықтарға баулу: жауапкершілік, ынтымақтастық, құрмет, академиялық адалдық сияқты құндылықтарды кірістір.
- Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, математика немесе басқа пәндермен байланысын көрсет.
- Алдыңғы білім: оқушылардың бұрын меңгерген дағдыларымен сабақтастығын атап өт.
- Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Қызығушылықты ояту
- Жаңа білімді меңгерту
- Топтық, жұптық, жеке жұмыс
- Саралау (қолдау көрсету, қабілетті оқушыларға тапсырма)
- Қауіпсіздік ережелерін сақтау
ҚМЖ жаңартылған бағдарламаға 100% сәйкес болсын, сабақтың мақсаттары мен тапсырмалары арасындағы байланыс нақты көрсетілсін. Жоспар қайталанбайтын, дайын күйінде қолдануға болатындай кәсіби деңгейде жазылсын.»
- Қалыптастырушы бағалау: мұғалімнің және оқушының әрекеті нақты жазылсын.
- Рефлексия: «Бүгін не үйрендім?», «Қиын болғаны?» сияқты бастауыш сыныпқа лайық формалар болсын.
- Үй тапсырмасы: түсінікті, шамадан тыс ауыр емес.
- Қолданылатын ресурстар: тақта, көрнекілік, цифрлық материал, жұмыс парақтары және т.б.
- Барлық мәтін бастауыш сынып оқушыларына түсінікті, педагогикалық тұрғыдан нақты, логикалық құрылыммен берілсін.