Халықаралық ғылыми-әдістемелік "Top teachers" журналының 2026 жылғы сәуір айының №2 тиражы
Международный научно-методический журнал «Top Teachers», тираж №2 за апрель 2026 года, подходит для аттестации.

Мақсат Санагүл

"Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" КеАҚ

7М01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының

магистранты

Мақала тақырыбы: НЕЙРОЖАТТЫҒУЛАР НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЫЛДАМ ОҚУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ


Қысқаша: Мақалада нейрожаттығулар негізінде бастауыш сынып оқушыларының жылдам оқу дағдыларын дамыту мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – нейрожаттығулар кешенін қолдану арқылы оқушылардың мотивациялық, танымдық және іс-әрекеттік компоненттері бойынша жылдам оқу дағдысының даму деңгейін анықтау және арнайы әзірленген әдістеменің тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жолмен дәлелдеу. Зерттеу барысында анықтау, қалыптастыру және бақылау кезеңдерінен тұратын педагогикалық эксперимент жүргізілді. Нәтижелер эксперименттік топта жылдам оқу дағдысының барлық компоненттері бойынша айтарлықтай оң өзгерістер болғанын көрсетті. Мақалада ұсынылған нейрожаттығулар кешені оқушылардың зейін шоғырлануын, есте сақтау қабілетін және оқу жылдамдығын дамытуға тиімді педагогикалық құрал ретінде негізделеді.

Made on
Tilda